2026 жылғы 12 қазанда «Адал Азамат – Зайырлы мемлекет – Қуатты қоғам» атты азаматтық құқықтар мен зайырлы құндылықтар апталығы аясында 8–9-сынып оқушылары арасында «Конституция – тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі» тақырыбында бірыңғай құқықтық диктант өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауды қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Құқықтық диктант барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғам өміріндегі заңның маңызын түсінуге ықпал етті.
«Адал Азамат» апталығының негізгі мақсаты – заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары, белсенді және ел құндылықтарын бағалайтын азаматтарды тәрбиелеу.





