13 ақпанда 7/8 «А» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, мектеп ортасындағы буллингтің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелеріне арналған Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында сынып жетекшісі ата-аналарды буллингтің көріністері, оның баланың психологиялық денсаулығына тигізетін кері әсері туралы ақпараттандырып, сондай-ақ агрессия мен жанжал жағдайларына дер кезінде назар аударудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында ата-аналарға ұсынымдар берілген жадынамалар таратылды.
Жаңалықтар
Ата-аналар жиналысы
Қаралды: 11





