24- 28 қыркуйек аралығында " Егер қиын болса- қоңырау шал" облыстық акциясы өткізілді.
Акция мақсаты: оқушылар мен ата- аналарды ақпараттандыру.
28 қыркүйек күні мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, панасыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу.
- Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.
- Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу.
- Ата-ана бақылауы және балалардың Интернет желісіндегі ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағымсыз жағдайлардың алдын алу және отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша ұсыныстар берілді.
Балаларды тәрбиелеуге, олардың қауіпсіздігі мен эмоционалдық әл-ауқатына ата-аналардың жауапкершілікпен қарауына ерекше назар аударылды.





