5–9 сынып оқушыларымен «Құқық бұзушылықтың, буллингтің және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Әңгіме барысында оқушыларға қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық ережелері, құқық бұзушылық түрлері, сондай-ақ «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары түсіндірілді. Қоршаған адамдарға құрметпен қарау, агрессия мен кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушыларға жанжал жағдайларының алдын алу және Интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау бойынша ұсыныстар айтылды.





